Қазақстанға Қырғызстан азаматтарының кіруі шектелді

Жарияланды
Шекара жабылмайды

Интерфакс-Қазақстан агенттігінің мәліметінше, 8 наурыздан бастап Қазақстан Қырғызстан азаматтары үшін шекарадан өтуге уақытша шектеу енгізді,- деп мәлімдеді  Қырғызстан сыртқы істер министірінің орынбасары Нұрлан Абдрахманов

 «Қазақстан Республикасының тарапынан 8 наурыздан бастап шекарадан жеке куәліктермен және туу туралы құжатымен өту тоқтатылды» деген ескерту келіп түсті, – деді Абдрахманов. 

Оның айтуынша, бұл шара уақытша енгізілген.

 «Қазақстанмен шекара жабылмайды. Азаматтар шетел паспорты арқылы шекарадан өте алады», – деді Абдрахманов.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Covid-19 әлемде белсенді түрде таралуына байланысты Қазақстан еліне короновирус індеті  тараған елдерден шетелдік азаматтардың кіруіне шектеу қойылды. Осыған дейін Қырғызстан 1 наурыздан бастап коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты жеке куәлікпен мемлекеттік шекарадан өтуге уақытша тыйым салғаны туралы хабарлаған.

 Қырғызстан Қытайдағы Covid -19 коронавирусының өршуіне байланысты қырғыз-қытай мемлекеттік шекарасын жабу туралы шешім қабылдаған. Сонымен қатар жеке куәлікпен шекарадан өтуге Иран, Жапония, Оңтүстік Корея және Италия азаматтарының Қырғызстанға кіруіне уақытша шектеу енгізілді

Әлемде COVID-19 коронавирусын жұқтырғандардың жалпы саны өсуде  қазіргі уақытта 97,942 мың адамды құрайды,- деп хабарлайды South China Morning Post Гонконг газеті.
 

Сондай-ақ оқыңыз