Рудный тұрғыны алғаш рет жеке куәлігін 50 жасында алды

Жарияланды
Азаматты жұмысқа орналастыру мәселесі қарастырылып жатыр

Қостанай облысының тумасы,  Рудный тұрғыны алғаш рет жеке куәлігін 50 жасында алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рудный полиция басқармасы мен Облыстық пробация қызметінің мамандары бірлесіп, 1970 жылы туған ер адамға жеке құжаттарын рәсімдеуге көмектесті. 

 «Оның айтуынша, өмірлік қиын жағдайлардың салдарынан жеке құжатын алатын мүмкіндігі болмаған. Қазір бұл мәселе шешіліп, ол әлеуметтік және медициналық қызметтерді ала алады. Тұрғылықты жері бойынша құжаттандыру және тіркеу жұмыстары толық көлемде жүргізілді, нәтижесінде ол азамат көптен күткен жеке куәлігін алды», – деді Рудный қаласы пробация қызметінің бөлім бастығы Азамат Бекішев. 

 

Сондай-ақ оқыңыз