Елімізде бір күнде коронавирустық пневмониямен ауырған 1530 адам анықталды

Жарияланды
16 адам қайтыс болған

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1530 жағдайы және 16 өлім жағдайы тіркелді. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады. 

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 9584, 102 өлім жағдайы тіркелді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі КВИ қатысты әр тәуліктегі ақпаратты күн сайын жариялап отырады. Барлық мәлімет министрліктің ресми сайтында және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны, қайтыс болғандар және қоғамдағы маңызды жағдайлар  ресми ақпарат көздері арқылы  жедел жарияланады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі апта сайын арнайы брифингте хабарлайды.

Сондай-ақ оқыңыз