Нұр-Сұлтанда ПТР-зертханаларының саны артты

Жарияланды
23 зертхана жұмыс істейді

Нұр-Сұлтанда ПТР-зертханаларының саны артты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Елордада ПТР-тестілеуді өткізу үшін тәулігіне 12 мыңнан астам зерттеу жүргізетін 23 зертхана жұмыс істейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов хабарлады.

    «Жалпы саны 2100 адамнан тұратын кадрлық резерв қалыптастырылды. Коронавирус инфекциясы бар науқастарды диагностикалау және емдеу бойынша медициналық қызметкерлерді оқыту жүргізілді. Сүзгі-кабинеттер өз жұмысын жалғастыруда, пациенттерді қашықтан бақылау күшейтілді», – деді Тимур Мұратов.

Ол сондай-ақ өкпенің жасанды желдеткіші, КТ, рентген аппараттары жеткілікті, оттегі резервуарлары мен шамдар орнатылғанын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз