Венадағы терактіден қазақстандықтар зардап шеккен жоқ

Жарияланды
Аустриялық полиция терроризмге қарсы операция жүргізуде

Венадағы теракт кезінде қазақстандықтар зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

    «2 қараша күні кешке Аустрия астанасы Вена қаласында белгісіз адамдар оқ атты. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметі бойынша қаза тапқандар мен жарақаттанғандар бар. Аустриялық полиция терроризмге қарсы ауқымды операция жүргізуде. Қазақстанның Аустриядағы Елшілігінің алдын-ала ақпаратына сәйкес, қаза тапқандар мен жарақаттанғандар арасында ҚР азаматтары жоқ», делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз