Түзеу мекемесіне әкелген торттың ішіне ұялы телефон жасырған азамат ұсталды

Жарияланды
Тәтті сыйлық тәркіленді

Нұр-Сұлтан қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЕЦ-166/10 мекемесінің тексеру тобы мекемеге тыйым салынған затты өткізу дерегінің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Аталған мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтың туысқаны әкелген сәлем-сауқаттың, атап айтқанда торттың ішіне жасырылған ұялы телефон табылып, тәркіленді.

Бастапқыда бүтін секілді көрінген кондитерлік өнім арнайы құрылғы- металлодетектормен тексеру барысында сыр берді. Торт сыйлық жеткізілген сотталған азаматтың көз алдында туралып, оның ішінен тыйым салынған зат – су жаңа ұялы телефон алынды.

 Бұл факт бойынша сотталғанды және «тәтті сыйлықты» жеткізген азаматты жауапкершілікке тарту үшін тиісті тексерулер жүргізілетін болады.

 

Сондай-ақ оқыңыз