Қазақстандықтар қай елге жиі ақша аударады?
2020 жылдың тоғыз айында халықаралық жүйелер арқылы 793 млрд теңге ақша аударылған. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 3,4%-ға жоғары, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.
Қазақстаннан шетеелге ақша аудару көлемі 16,6%-ға артып, ал шетелден Қазақстанға аударылған ақша 21,4%-ға қысқарған. Ал ел ішіндегі ақша аударымдары 10,6%-ға өскен.
Шетелге аударылған қаражаттың басым бөлігі Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркияға жіберілген. Ал Қазақстанға қарай жасалған ақша аударымдары негізінен Ресей Федерациясынан, Оңтүстік Кореядан және Қырғызстан мен Өзбекстаннан жасалған. Шетел аударымдарының орташа сомасы 317 мың теңге болса, Қазақстанға аударыған ақшаны орташа сомасы – 219 мың теңге.
Қазақстанда 6 халықаралық ақша аудару жүйесі жұмыс істейді: Contact, Faster, MoneyGram, Western Union, Золотая корона және ЮНИСТРИМ.