Вакцина 18-ден 64 жасқа дейінгі адамдарға салынады

Жарияланды
Нұр-Сұлтан қаласында осы санатқа кіретін 735 мың адам бар

Вакцинация 18-ден 64 жасқа дейінгі адамдарға салынады. Нұр-Сұлтан қаласында осы санатқа кіретін 735 мың адам бар. Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов хабарлады, деп жазады coronavirus2020.kz.  

Вакцинация ерікті түрде және әр азаматқа тегін жасалатын болады. 

Тұрақты профилактикалық егулер және уақытша қарсы көрсетілімдері бар адамдарға КВИ-ға қарсы екпе салынбайды. 

КВИ-дың ауыр жағдайы және симптомсыз белгілері бар адамдар екпе алуға жатпайды.

Жұқпалы ауру бар науқастың және оның ішінде КВИ-мен ауырған науқаспен байланыста болған адамдар карантин мерзімі аяқталғаннан кейін ғана вакцинация жасалатын болады. Екпе салу алдында КВИ-ға қарсы антиденелер бар-жоғын анықтау үшін  скрининг жасалмайды. 

КВИ-дың кез келген формасымен ауырған пациент емделіп шыққаннан кейін денсаулық жағдайына сәйкес кемінде 6 айдан кейін екпе алғаны дұрыс болады. 

Бастапқы кезеңде вакцинация 2, 4, 6, 7, 9-қалалық емханаларда басталды. 

Бірінші кезеңде, осы ақпан айында тәуекел тобына жататын медицина қызметкерлері (жұқпалы аурухана, жедел жәрдем қызметкерлері, алғашқы көмек көрсету ұйымдарының қызметкерлері) вакцинацияланатын болады. Одан әрі мұғалім, полиция қызметкерлері, Қорғаныс министрлігі, ІІМ, осылайша кезең кезеңмен қамтылатын болады.
 

Сондай-ақ оқыңыз