Дональд Трамп сайлауда алаяқтық орын алғанын мәлімдеді

Жарияланды
Ол Жоғары сотқа жүгінбек

АҚШ президенті Дональд Трамп сайлауда алаяқтық орын алғанын жариялады. Бұл туралы bbc.com хабарлады. 

Дональд Трамп Мичиган, Солтүстік Каролина және Джорджия сияқты бірнеше штаттардағы дауыс саны бойынша алда келе жатқанын мәлімдеді. Бірақ «бір шикіліктің» болғанына сенімді. Дональдтың айтуынша, демократиялық партия мүшелері оны жеңуге жол бермеу үшін алаяқтыққа барған.

   «Бұл біздің ел үшін ұят нәрсе. Біз Жоғарғы сотқа жүгінеміз. Барлық дауыс тоқтатылғанын қалаймын», – деді Трамп Ақ үйде сөйлеген сөзінде. 

Сондай-ақ оқыңыз