Тағы бір ел туристерге кіруге тыйым салды

Жарияланды
15 сәуірге дейін

Үндістан коронавирусқа байланысты туристік визаларды тоқтатты, деп хабарлайды The Times of India.

Гватемала билігі Еуропа мемлекеті, Қытай, Иран, Оңтүстік Корея және Солтүстік Корея азаматтарына кіруге тыйым салды. Бұл елде аурудың әлі бірде-бір жағдайы тіркелмеген.

Кувейт шетелдік азаматтарға кіруге толық тыйым салды. 13 наурыздан бастап Кувейт халықаралық әуежайында барлық рейстер тоқтатылады. Бұл елде коронавирус індетінің 70 жағдайы тіркелді.

Сальвадор да өз аумағына кіруге тыйым салды. Елде 30 күн карантин жарияланып , барлық шаралар кейінге қалды.

Коронавирустың таралу картасына сәйкес,126 135 адам жұқтырған, ал қайтыс болғандар саны 4 630 мыңнан асты.

АҚШ-та коронавирусқа байланысты Еуропамен барлық байланыстарды тоқтатты.
 

Сондай-ақ оқыңыз