Енді ауылдағы мәселені AdalAzamat платформасы арқылы бірден әкімге жеткізуге болады

Жарияланды
Еліміздегі партияның бірі 6 цифрлық өнімін таныстырды

Бүгін ADAL партиясы Adal Azamat, Adal Live, Adal Qamqor, Adal Sauat, Adal Market және Adal Info атты жаңа 6 цифрлық өнім – 6 платформа мен қосымшасын таныстырды. Бұл – қазақстандықтардың «халық үніне құлақ асатын мемлекет» туралы түсінігін толығымен өзгертуге ықпал ететін шешімдер. 

Авторлардың айтуынша, осы жобалар халық пен мемлекет арасында дәнекер болып, ел тұрғындарының түйткілді мәселелерді әкімдерге бірден хабарлауына мүмкіндік береді. 

AdalAzamat платформасының көмегімен  бүкіл  ауыл әкімдеріне  жергілікті түйткілді мәселелерді тұрақты түрде жеткізіп отыруға болады, бұл өз кезегінде барлық деңгейдегі бюджетті тиімді жоспалап, игеруге ықпал етеді. 

Adal Market жобасы аясында ең белсенді азаматтарға арнайы ұпай беріледі. Оны кейін партия атрибутикасына айырбастауға болады.

 Қаржы негіздері, құқықтық сауатты оқытатын арнайы жоба –  Adal Sauat платформасы әзірленіп жатыр. 

Ал  Adal Qamqor жобасы мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасыларды қамтиды. 

 Adal Info – қосымшаны қолданушыға кез келген қала немесе ауыл-аймақтағы тұрғындардың мәселесін көруге мүмкіндік беретін платформа. Бұнда айтылатын түйкілді шаруалар  «жалпыдан – жалқыға» қағидасы бойынша жинақталған.

 Adal Live жобасы – халыққа күрделі мәселелерді қарапайым тілмен түсіндіретін 5-7 минуттық бейнероликтер.
 

Сондай-ақ оқыңыз