Ақтөбеліктің көлігінен 330 келі балық табылды

Жарияланды
Барлық балық тәркіленді

Ақтөбелік тұрғынның көлігінен жүксалғышынан салмағы 330 килограмнан асатын түрлі балық табылып, тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін полицейлер экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, браконьерлік қызмет және су биоресурстарын қорғау бойынша тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар өткізуде. 

Полиция қызметкерлері Ырғыз ауданының аумағында орналасқан Торғай көлінің жанында екі жолаушысы бар, 61 жастағы жүргізушінің басқаруымен «Тайота Ланд Крузер-80» автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде көліктің жүксалғышынан салмағы 330 килограмнан асатын түрлі балық табылып, тәркіленді. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 335-бабы 3-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. 

 

Сондай-ақ оқыңыз