Тіл- атадан балаға мирас болған баға жетпес мұра
Мемлекеттік тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Ахмет Байтұрсынов «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген.
Біз тіліміз бен мәдениетімізді сақтауды ең қарапайым қадамдардан бастауымыз керек. Бұл үшін жас буынға тілдің қасиеті мен қадірін БАҚ өкілдері арқылы таратып дамыту қажет.
БАҚ дегеніміз не? Бұл теледидар, баспасөз, радио, әлеуметтік желі және тағы басқалары.
Мемлекеттік тілді дамыту үшін бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) алдыңғы қатардан табылып, бұл істердің игілікті болуы үшін бір атаның баласындай үлес қосу керек.
Қазақ тілінде сауатты, пайдасы бар бағдарламаларды шығарып, балалар үшін тәрбиелік мәні зор фильмдер мен мультфильмдерді қазақ тіліне аудару қажет.
Егерде теледидар, баспасөз, радио, әлеуметтік желі арқылы мемлекеттік тілімізді жоғары бағалап дәрежесін көтерсек, сөзсіз нәтижеге жетеміз.
Балабақшадағы баладан бастап, еңкейген қартқа дейін тіл құдыретін бағаласақ бізден асқан ел болмас.
Дүниежүзінде 100 миллионнан астам қолданушысы бар 8 тіл бар. Бұл тілдер керемет қарқынмен дамып жатыр. Олар: қытай, испан, ағылшын, бенгал, хинди, португал, орыс және жапон тілдері.
Сондықтан жоғалып кеткен тілдер қатарынан емес, керемет қарқынмен дамыған тілдер қатарында болайық.
Мемлекеттік тілді дамыту үшін түгел болып кіріссек, көздеген мақсатқа жетеміз!