Коронавирусты бес сағатта анықтайтын әдіс табылды

Жарияланды
Ол сынақ Нұр-Сұлтан қаласында жасалады

Қытай мен Ресейде жасалған бұл тест құрылғысы арқылы коронавирусты небәрі 5-6 сағатта анықтауға болады.  

«Оған қоса,  арнайы диагноситкалық алгоритм әзірленген. «Ұлттық сараптамалар орталығы» РМК вирусология зертханасы, Аса қауіпті жұқпалы аурулар ұлттық орталығы, Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-өндірістік орталығы үш деңгейлі бақылау жүргізеді”,- деді Нұр-Сұлтан қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Зекен Исақов.

 
Бүгін де Нұр-Сұлтан қаласында санитарлық бақылау күшейтілген. Коронавирус шыға қалған жағдайда, барлық медициналық қызметкерлер алгоритм бойынша іске кіріседі. 
 

Сондай-ақ оқыңыз