Байден Трамптың бірқатар бұйрықтарын өзгертуді жоспарлап отыр

Жарияланды
Ұлықтау рәсімінен кейін

АҚШ президенттігіне үміткер Джо Байден өзінің жеңісі туралы жариялай отырып, 20 қаңтарда қызметіне кірісе салысымен Дональд Трамптың бірқатар бұйрықтарының күшін жоятын бұйрықтар шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Интерфакс The Washington Post басылымына сілтеме жасап жазады.

Байден АҚШ-ты Париж климат келісіміне қайтаруды, сондай-ақ АҚШ-тың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығуын тоқтатуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, демократиялық үміткер көптеген мұсылман елдеріне бағытталған көші-қон тыйымын дереу алып тастап, бала кезінен штаттарға заңсыз әкелінген адамдардың елде қалуына мүмкіндік беретін бағдарламаны қалпына келтіргісі келеді.

Дүйсенбі, 9 қарашада Байден өзінің коронавирусқа қарсы  тобының құрамын жариялауды жоспарлап отыр.

 

Сондай-ақ оқыңыз