Алматыда қар тазалауға 1000-нан астам техниканы жұмылдыру жоспарлануда

Жарияланды
Барлық аудандарда қар жиналатын орындар анықталды

Тұрғын үй саясаты басқармасы 2021-2022 жылдардың қысқы кезеңінде қарды тазалау бойынша өндірістік базалар мен мамандандырылған техниканың дайындығына тексеру жүргізді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің Telegram каналы хабарлады.

Жолдарды тазалау үшін 1038 бірлік арнайы техника іске қосылады. Жол жұмысшыларының саны 1400 адамды құрайды. Қысқы кезеңге қосымша 1200-ге жуық жол жұмысшысын тарту жоспарлануда.  Осылайша жұмысшылардың жалпы саны 2600 адамды құрайды. 

Ведомствода хабарлағандай, техниканы қысқы жұмыс режиміне қайта жабдықтау ауа райы жағдайына байланысты кезең-кезеңімен жүргізіледі. 

Қалың қар жауған жағдайда 18 құрылыс ұйымдарымен 150 бірлік қосымша техника – самосвалдар, тиегіштерді жалға алу туралы шарттар жасалды. 

30 мың тонна тұз және 60 мың тонна құм алынды. Көктайғаққа қарсы материалдардың нормативтік санына (барлығы 33 мың тонна тұз және 80 мың тонна құм) жеткізу 15 қазанға дейін жүргізілетін болады.

Қалың қар жауған жағдайда қосымша 10 мың тонна тұз және 15 мың тонна құм жеткізуге шарт жасалды. 

Барлық аудандарда қар жиналатын орындар анықталды
 

Сондай-ақ оқыңыз