Елордада жеке сектор тұрғындары көмірді қайдан сатып алуына болады
Нұр-Сұлтан отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылығы басқармасы мәліметіне сәйкес, қаланың сауда орындарында 7355 тонна қатты отын сатылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайты хабарлады.
Елордалықтар көмірді мына мекен-жайлардан сатып ала алады: Герцен, 4/1, көш, 40-шы ст.; Герцен, 6 б; Герцен, 6/2; Көктал, 28/1; Көктал, 28/2; Жұбанов, 35; Литейная, 44; Дулатов, 182/1, Бетон орталығы; Жабаев, 68; 40-шы ст.
Бағасы орташа есеппен, көмір түріне байланысты және жеткізілімді қоспағанда, 8 800-ден 14 500-ге дейін өзгереді. Сонымен, бір тонна Шұбаркөл көмірінің құны 12 700-ден 14 500-ге дейін, «Қаражыра» 12 700, «Майкүбі» – 11 200-ден 14 000, «Богатырь» – 8 800 теңгені құрайды.
Тұйықтағы қатты отын бағасы, түрлері мен мөлшері туралы толық ақпаратты 109 сенім телефоны арқылы алуға болады.
Басқарма мәліметтері бойынша, елордада қыста орта есеппен 500 мың тонна көмір тұтынылады. Бұған дейін Төтенше жағдайлар департаменті жеке сектор тұрғындарын жылыту пештерін пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауға шақырған болатын.