Танзанияда белгісіз ауру адамдардың өмірін жалмауда
Танзанияда белгісіз ауру 15 адамның өмірін жалмады, 50-ден астам адам ауруханаға түсті. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.
Аурудың жағдайлары елдің батысындағы Мбея қаласында тіркелген.
Науқастар бас айналу, жүрек айну, қанмен құсу сияқты белгілерге шағымдануда.
Чунья аудандық денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фелиста Кисанду журналистерге ондаған адамның ауруханаға түскенін айтты.
Оның айтуынша, барлығының ұқсас шағымдары бар.
Кисанду аурудың себебі әлі анықталмағанын атап өтті.
Алдын ала зерттеулер пациенттердің көп бөлігі асқазан жарасы немесе бауыр ауруы бар ер адамдар екенін көрсетті.
Өз кезегінде Танзания денсаулық сақтау министрі Дорот Гваджима жағдайды тексеру үшін аймаққа бір топ сарапшылар жіберілгенін айтты.
2018 жылы Мбея аймағында осындай шағымдармен көптеген адамдар ауруханаға түскені белгілі болды.