Коронавирус жұқтырған науқас өзімен байланыста болғандардың мәліметтерін беруден бас тартты
Жарияланды
Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды
Коронавирусты жұқтырған Алматы қаласының тұрғыны санитарлық қызметтердің жұмысына кедергі келтіргені үшін жауапқа тартылды,-деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Короновируспен ауыратын науқастардың бірі азамша Б санитарлық қызметтердің жұмысына кедергі келтірді және аурудан кейін онымен байланысқан азаматтар туралы мәліметтерді беруден әдейі бас тартты»,- делінген хабарламада.
Әйелге республиканың Қылмыстық кодексінің 304-бабы (Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.