Биыл отандық сауда флоты 1,8 миллион тонна жүк тасымалдады
Жарияланды
Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы тасымалданған
Биыл отандық сауда флоты 1,8 миллион тонна жүк тасымалдады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2020 жылдың 10 айының қорытындысында Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы жүктерді ауыстырып тиеу өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде болды.
Жүк автокөлік құралдарын ауыстырып тиеуде біршама өсім бар.
Отандық сауда флоты осы кезеңде Каспий теңізіндегі порттар арасында 1,8 миллион тоннадан астам жүк, оның ішінде Ақтау – Баку фидерлік желісімен 10,6 мың контейнер тасымалдады.
Ішкі су жолдары бойынша биылғы 10 айда жүк тасымалдау көлемі шамамен 1,44 миллион тоннаны құрады. Оның 233 мың тоннасы Ресей бағытында тасымалданды.