«7-20-25» бағдарламасы аясында несие беруге 113 440 өтінім қабылданды
Жарияланды
Оның ішінде 748 млрд теңгеге 57 830 несие мақұлданды
2022 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 1,5 трлн теңге несие алуға 113 440 өтінім қабылданды. Бұл туралы Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.
Оның ішінде 748 млрд теңгеге 57 830 несие мақұлданды.