42 500 теңге ала алмаған қазақстандықтардың өтініштері қайта қаралады

Жарияланды
Өтініштер 1 желтоқсанға дейін қаралатын болады

42 500 теңге ала алмаған қазақстандықтардың өтініштері қайта қарау тәртібі бекітілді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. 

Өтініш беріледі: 

Жұмыс беруші тарапынан – ШОБ, ірі кәсіпкерлік (карантин енгізілген өңірлерде), коммерциялық емес заңды тұлғалар үшін. 

Өз бетінше –  жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, БЖТ төлеушілер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар.

Растайтын құжаттар тізбегі: 

Қызметкерлер үшін:

жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберу туралы бұйрықтар

жұмыс берушінің ТЖ кезеңінде кірісін жоғалту фактісін растайтын құжаттар 

мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған декларация (МКК-мен салыстыру үшін, 200-нысан).

ЖК және жеке практикамен айналысатын адамдар үшін:

мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған декларация

табыстың жоғалту фактісін растайтын құжаттар 

АҚС шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар үшін:

заңды тұлғамен жасалған жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) арналған АҚС шарты. 

 

Ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін аудандық (қалалық) штаб «42 500 теңге» әлеуметтік төлемін тағайындауға құқығы бар/жоғы туралы қорытынды шығарады.

 

Өтініштер 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін қаралатын болады.

 

Сондай-ақ оқыңыз