2017 жыл қазақстандық әуе компаниялар үшін табыстытың өсуімен ерекшеленді. Өткен жылы ұлттық валютаның тұрақтануы және халықтың сатып алу қабілетінің артуы әуе компаниялар табысының артуына жағымды ықпалын тигізді. Мәселен, алдыңғы кезеңге қарағанда, жеті компанияның үшеуі оң қаржылық нәтижені көрсете алды.
ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінше, отандық әуе компаниялардың жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудан түскен жиынтық табыс 2017 жылы 295,58 млрд теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда компаниялар 26,5%-ға артық пайда тапты.
Қазақстанда әуе тасымалдарына сұраныс артып келеді. Кәсіпорындар табыстылығының өсуі жолаушылар айналымының 29,9%-ға және жүк айналымының 24%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. 2016 жылы әуе компаниялары 7,35 млн адамды тасымалдады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,4%-ға артық. Елдегі көліктің бір де бір түрі өсімнің осындай көрсеткіштерімен мақтана алмайды. Бірақ ҚР-да тасымал көлемі бойынша әуе тасымалы көліктің басқа түрлерінен айтарлықтай артта қалып отыр. Мысалы, өткен жылы пойыздармен 22,44 млн адам тасымалданды.
«2017 жылы ұлттық валюта салыстырмалы тұрақтылығымен ерекшеленді. Ішкі нарық және экономика белгілі бір дәрежеде теңгенің төмен бағамына бейімделді. Экспорт артып, жалпы экономиканың өтімділігі ұлғайды, осыған байланысты халықтың сатып алу қабілеті жоғарылады», – дейді «Эйр Астана» АҚ Бас директоры Питер Фостер.
ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті ұсынған деректерге сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстанда жалпы мақсаттағы авиация куәлігі және авиациялық жұмыстарды орындауға куәлігі пайдаланушы сертификаты бар 52 әуе компания жұмыс істейді. 20 әуе компания коммерциялық тасымалдарды, оның ішінде тұрақты тасымалдар – жеті, чартерлік рейстер – 10 және жүк тасымалы – үш компания жүзеге асырады. Әуе компаниялар көбінесе Алматыда орналасқан (12 компания), бір әуе тасымалдаушы Астанада тіркелген және жетеуі аймақтық болып табылады.
Коммерциялық тасымалдарды жүзеге асыратын алты әуе компания ашық дереккөздерде пайда туралы ақпаратты жарияламайды, өйткені олар акционерлік қоғам болып табылмайды, соның ішінде ағымдағы жылдың наурыз айында «Sigma Airlines» ЖШС болып қайта құрылған бұрынғы «Air Almaty» бар. Қалған 14 компанияның жетеуі ғана 2017 жылы оң қаржылық нәтиже көрсетті. Осыған қарамастан, өткен жылы рейтингке енген әуе тасымалдаушылардың жиынтық таза табысы 12,02 млрд теңгеге жетті, осыдан бір жыл бұрын компаниялар 19,83 млрд теңге шығынға ұшыраған болатын.
Көбіне жоғарыда аталған статистика «Эйр Астана» әуе компаниясымен байланысты. 2017 жылы елдің ең ірі әуе тасымалдаушысы таза пайда түрінде 12,82 млрд теңге табыс тауып, Қазақстанның әуе компанияларының таза пайда бойынша рейтингісін басқарды.
2014 және 2015 жылдары қазақстандық теңгенің құнсыздануынан кейінгі сатылымның үш жыл бойы төмендеуінен кейін компания алғаш рет табысының сенімді өсуін көрсетті, деп атап өтті «Эйр Астананың» топ-менеджменті. Әуе тасымалдаушының табысы 24%-ға, $767,54 млн-ға дейін өсті, операциялық пайда 67%-ға, $63,26 млн-ға дейін артты, ал таза маржа 5,1%-ды құрады.
Компанияның жылдық есебінде атап өткендей, Қазақстанда халықаралық рейстерге сатылатын әуе билеттердің құны енді АҚШ долларымен есептеледі және айырбас бағамының ауытқуын ескере отырып, күн сайын түзетіледі. Тек ішкі рейстерге тарифтер теңгеде тіркелген, сондықтан құнсыздану әсері компанияның теңгемен сатудан түскен түсімінің 30%-ында байқалады.
Өткен жылы «Эйр Астана» 12,83 млрд теңге шығынмен рейтингтің соңында болған, бұл «Казинвестбанк» АҚ және «Delta Bank» АҚ лицензиясынан айырылған банктердегі ақша депозиттерін жоғалту қаупін алдын алу мақсантында $52 млн мөлшерінде резерв құру қажеттігіне байланысты болды.
Рейтинг бойынша екінші орынға SCAT әуе компаниясы орнықты. Акционерлік қоғамның аудиторлық есептілігіне сәйкес, 2017 жыл компания 5,16 млрд теңге пайдамен аяқтады. Салыстыру үшін, 2016 жылы кәсіпорынның таза табысы 522,41 млн теңге (10 есеге жуық өсім) деңгейінде болды, ал 2015 жылы әуе тасымалдаушы шығынға ұшыраған.
SCAT әуе компаниясының негізі 1997 жылы Шымкент қаласында Шымкент авиаотрядының базасында пилоттық-пікірлестермен құрылды. Әуе компания акционерлері – Владимир Денисов (57% акция) және Владимир Сытник (43%). Әуе компания ішкі және халықаралық әуе маршруттарда тұрақты және чартерлік рейстерді жүзеге асырады.
Соңынан Kаz Air Jet чартерлік әуе компаниясы ілеседі. 2017 жылы ол 2,12 млрд теңге тауып үлгерді. Айта кету керек, өткен бірнеше жылда тасымалдаушының қаржылық нәтижесі көңіл қуантарлық болмады. 2016 жылы акционерлік қоғамның шығыны 413,33 млн теңгеге тең болды. Компания ұшақта немесе тікұшақта жеке және топтық сапарлар жасауға маманданған. Компания акциялары Равиль Қажғалиевке тиесілі.
Төртінші орынға алдыңғы рейтинг көшбасшысы – «Еуро-Азия Эйр» әуе компаниясы жайғасты. 2017 жылдың қорытындысы бойынша ол 1,16 млрд теңге таза пайда түрінде табыс тапты, бұл өткен жылға қарағанда 42,6%-ға аз (2,01 млрд теңге). Компанияның қаржылық есептілігіне қарағанда, пайданың қысқаруы шығындардың салыстырмалы тұрақты деңгейінде кәсіпорынның аз түсіміне байланысты. 2017 жылы түсім 15,79 млрд теңгені құрады, 2016 жылы көрсеткіш 19,43 млрд теңге болған.
«Еуро-Азия Эйр» – Қазақстандағы ең ірі тікұшақ әуе компаниясы. Ол әуе тасымалдар бойынша жеке қызметтер көрсетеді, сондай-ақ, пайдалы қазбалар кен орындарын дамыту және игеру, мұнай құбырларына, газ құбырларына және электр беру желілеріне қызмет көрсету бойынша ұшуларды жүзеге асырады.
Компания өткен жылдың қараша айында «Sky Logistics Services» ЖШС-мен жекешелендірілді. Бұған дейін компания «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ теңгерімінде болып,15,60 млрд теңгеге бағаланған болатын. Сол жылы тендерге қатысуға Тимур Құлыбаевтың Prime Aviation әуе компаниясы ниет білдірген, алайда кейінірек ол осы жобадан бас тартты.
Өз кезегінде Prime Aviation 2017 жылы 756,53 млн теңге табыс тапты, осылайша әуе компаниялар жайғасымындағы рейтинг бойынша бесінші орында болып шықты. Өткен жылы әуе тасымалдаушы 474,68 млн теңге шығынымен 12-ші позицияда болған.
«Южное небо» жас әуе компаниясы 2017 жылы 19,96 млн теңге көлеміндегі таза пайдамен алтыншы позицияны сақтап қалды. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш үш есеге дерлік көбейді. Компанияның табысы 87,6%-ға өсті. Кәсіпорын жоғарыда аталған SCAT әуе компаниясының «еншілесі» болып табылады. «Южное небо» тұрақты рейстерді орындайтын әуе компаниялардың тізіміне кіреді.
Тағы бір әуе компаниясы оң қаржылық нәтиже көрсетіп, жетінші орында қалды. Jet Airlines өткен жылы таза пайда түрінде 18,32 млн теңге табыс тапты. 2016 жылы көрсеткіш 45,17 млн теңге деңгейінде болды, компанияның табыстылығы 59,5%-ға қысқарды. Бұл ретте 2017 жылы кәсіпорынның жалпы табысы өткен жылмен салыстырғанда 11,5%-ға өсті, алайда қоғамның жалпы пайдасының 91,7%-ына жететін өсірілген әкімшілік шығыстар кірістіліктің қысқаруына себеп болды.
Jet Airlines компаниясы 2004 жылдың желтоқсанынан бастап жұмыс істейді, бизнес-авиацияға маманданған және өз қызметінде бизнес-авиация саласындағы басқарушы авиакомпания мен авиаброкер функцияларын біріктіреді. Қазіргі уақытта әуе компанияның басқаруында бес ұшақ бар.
Рейтингтегі сегізінші орынға тұрақты рейстерді орындайтын аймақтық «Жезқазған-Эйр» әуе компаниясы орналасты. Ол 2017 жылды 9,23 млн теңге көлеміндегі жағымсыз шығынмен аяқтады, сондай-ақ өткен жылы компанияның 11,23 млн теңге көлемінде теріс қаржылық нәтижесі болған. Аудиторлық есепке сәйкес, компания ұсынатын көрсетілетін қызметтердің өзіндік құны түсімнің 96,8%-ын құрайды, одан әкімшілік шығыстар есебінен теріс қаржылық нәтиже қалыптасады. Қазіргі уақытта әуекомпания «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не тиесілі. АҚ құрамында «Балқаш әуежайы» филиалы бар.
Талдықорғанның әуе тасымалдаушысы – «Жетісу» әуе компаниясы тоғызыншы орынға ие болды. 2017 жылы кәсіпорынның шығыны 218,44 млн теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда нәтиже аса өзгерген жоқ, 2016 жылы компания 223,8 млн теңге шығынмен аяқтаған. Әуе компания Астанадан Талдықорған қаласына тікелей және Үшарал қаласы арқылы тұрақты рейстерді орындайды. «Жетісу» Алматы облысы әкімдігінің теңгерімінде есепте тұр.
Рейтингінің оныншы позициясында Қостанайдан келген «Авиа-Жайнар» әуе компаниясы орнықты. Оның шығындары табыстарынан 231,4 млн теңгеге артық болды. Кәсіпорынның сатылған қызметтерінің өзіндік құны сатудан түскен табыстан 139,44 млн теңгеге асып түсті. Өткен жылы компания шығынсыздық нүктесінде болды, 2016 жылы оның табысы 0,82 млн теңгені құрады. «Авиа-Жайнар» чартерлік жолаушылар тасымалы, авиациялық-химиялық жұмыстар, электр беру желілерін, аумақтарды, құбырларды авиациямен қарауылдау қызметтерін көрсетеді. Компания «Иволга-Холдинг» ЖШС құрамына кіреді, оның жобалары Қазақстанда да, Ресейде де орналасқан. Холдинг иесі – отандық олигарх Василий Розинов.
2017 жылға 340,64 млн теңге шығынмен East Wing әуе компаниясы он бірінші орынды иеленді. Өткен жылы компанияның пайдасы 1,05 млрд теңге болды. Пайданың өсуі табыстың елеулі қысқаруымен және қызметтердің өзіндік құнының үш еседен астамының артуына байланысты.
Компанияның бас кеңсесі Шымкент қаласында орналасқан. Әуе компания медициналық рейстерге маманданған. Оның негізгі тапсырыс берушісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық санитарлық авиация орталығы болып табылады. Бұдан басқа, компания авиациялық жұмыстарды, чартерлік рейстерді, авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асырады. East Wing флоты Як-40 және Ан-28 ұшақтарынан тұрады. Жалғыз акционер – Александр Кулеш.
Он екінші орынға екінші жыл қатарынан шығынға ұшыраған Bek Air компаниясы орналасты, 2017 жылы компания 622,77 млн теңге мөлшеріндегі теріс қаржылық нәтиже көрсетті, өткен жылы компанияның шығыны 709,59 млн теңгені құрады. Бұл ретте әуе тасымалдаушының табысы тұрақты өсуді көрсетеді, алайда сату бойынша шығыстар кәсіпорынның кірістерінен көп болды.
Bek Air «business jet» тасымалдау деп аталатын VIP-рейстерді орындау мақсатында 1999 жылы құрылды. Бүгінгі таңда бұл ішкі және шетелдік тұрақты әуе тасымалдарын жүзеге асыратын Қазақстандағы алғашқы lowcoster. Компанияның жалғыз иесі – Сәкен Жарқымбаев.
Он үшінші орында 2017 жылы 844,25 млн теңге мөлшерінде шығынмен «Бурундайавиа» тікұшақ әуе компаниясы негізделді. Айта кету керек, 2016 жылды компания 398,2 млн теңге пайдамен аяқтады. Өткен жылы түсім алдыңғы кезеңмен салыстырғанда екі есе дерлік қысқарды, сонымен қатар, кәсіпорын қызметінің өзіндік құны айтарлықтай азайған және компанияның барлық түсімін дерлік жабады.
«Бурундайавиа» Біріккен Ұлттар Ұйымының сатып алу бөлімінде тіркелген. Әуе компания БҰҰ бітімгершілік миссияларын әуе көлігімен қамтамасыз етуге белсенді қатысады. 2006 жылдан бастап ол түрлі халықаралық жобаларға қатысты.
Рейтингті тағы бір «халықтық» әуе тасымалдаушы – Qazaq Air жабады. 2017 жылы кәсіпорын шығындары табыстан 7,92 млрд теңгеге артты. 9,14 млрд теңгенің теріс қаржылық нәтижесі 2016 жылы да байқалды.
«Компанияның қаржылық есептілігінде көрсетілген шығын әуе компанияның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті инфрақұрылымды құру мен дамыту қажеттілігінен туындады», – деп атап өтті Qazaq Air.
Әуе компания «Самұрық-Қазына» қорының «еншілесі» болып табылады. Ағымдағы күнгі жағдай бойынша Qazaq Air ел ішіндегі он бағыт бойынша тұрақты рейстерді орындайды. 2017 жылы компания өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 31,4%-ға артық жолаушыларды тасымалдады. Әуе компанияның тиеу коэффициенті 74%-ға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда алты пайыздық тармаққа артық. Компанияның құрылғанынан бастап, жұмыс істеген уақытынан қазіргі күнге дейін қызметтерін пайдаланған жолаушылардың жалпы саны 700 мың адамға жетті.
ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің мәліметі бойынша, 2017 жылы қазақстандық әуе компаниялар барлығы 79 562 рейсті орындады. Рейстердің орташа жүйелілігі 86,1%-ды құрады. ҚР әуе компаниялары бойынша рейстердің кешігуі бойынша статистикаға сәйкес, 2017 жылы ең мұқият әуе компания «Жезқазған Эйр» болып табылады. «Жезқазған Эйр» әуе тасымалдаушысымен бір жыл ішінде 104 рейс орындалды, оның ішінде тек 1 рейс кешігіп, жүйелілігі 99%-ды құрады. Екінші орында «Жетісу» әуе компаниясы 96,3% жүйелілік деңгейін көрсетті. Компания 162 рейс орындады, оның ішінде 6-уы кешігіп келді. Үшінші орында «Южное небо» 1 480 рейс орындалды, оның ішінде 82 рейс кешіктірілді. Әуе компаниялар рейстерінің жүйелілігі – 94,4%. Бұдан әрі компания рейстерінің жүйелілігі бойынша келесідей орналасты:
* Bek Air: 10 080 рейс, кешіктірілген 642 рейс, жүйелілігі – 93,6%;
* «Эйр Астана»: 43 862 рейс, кешіктірілген 6 367 рейс, жүйелілігі – 85,49%;
* SCAT: 19 236 рейс, кешіктірілген 3002 рейс, жүйелілігі – 84,4%;
* Qazaq Air: 4 638 рейс, кешіктірілген 941 рейс, жүйелілігі – 80%.
Жауапкершілікті шектеу
Kursiv Research жоғарыда келтірілген материалдың тек ақпараттық сипатқа ие және аталған ұйымдардың бағалы қағаздарымен және өзге де активтермен қандай да бір мәмілелер жасауға ұсыныс немесе ұсыным болып табылмайтынына назар аударады.