IT-компаниялар Назарбаевтан Қазақстан Республикасының отандық IT мен денсаулық сақтау салаларын «қорғауды және сақтауды» сұрайды

Жарияланды
IT- мамандарының пікірінше, Қазақстанда Денсаулық сақтау саласында монополия құрылуының кесірінен «ашық бәсекелестік қағидаттарының бұзылу» жайты орын алып жатыр

Қазақстандық медициналық ақпараттық жүйелерді әзірлеушілер мен бірлестірушілер тобы Нұрсұлтан Назарбаевқа электрондық денсаулық сақтау жүйесіндегі қалыптасқан жағдайды реттеу туралы өтінішімен ашық хат жолдады. 

«Сізден Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтау саласында туындаған жағдайға назар аударуыңызды сұраймыз және медицинада жұмыс істейтін қазақстандық IT-компанияларға көмек көрсетуге үндеу жасап отырмыз», – делінген.

4 ай бұрын әзірлеушілер Денсаулық сақтау министрлігіне, монополияға қарсы комитетке ашық хат жолдаған, алайда ешқандай әрекет те, жауап та ала алмаған.

Астанада денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерінің бірыңғай платформасы таныстырылды.

Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерінің интероперабельділік платформасының ұлттық жобасы және соның құрамдас бөлігі болып табылатын электрондық денсаулық паспорты Астана қаласында таныстырылды.

Әзірлеушілердің пікірінше, Қазақстанның денсаулық сақтауды цифрландыру саласында мемлекеттің ұлттық мүдделеріне тікелей қауіп-қатер туғызып, IT-секторды дамытудағы  аса жағымсыз салдарға әкеліп соқтыратын электрондық денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасы негіздерінің бұзылуы байқалады.

«Денсаулық сақтау министрлігінің ҚР халқы үшін миллиондаған электрондық денсаулық төлқұжатын сәтті енгізу туралы есептері шындыққа сәйкес келмейді (төлқұжаттар мемлекеттік болып табылмайды, мемлекетке тиесілі емес және мемлекетпен қорғалмаған). Қазіргі кезде ЭДП мемлекеттік платформада емес, ал Damumed (КМАЖ) секілді «таңдаулы» ақпараттық жүйенінің негізінде іске асырылған. Сонымен қатар, платформа бір жылдан  астам уақыт бұрын іске қосылуы тиіс болатын және бұл бастамаға Қазақстан бюджетінен 18 млн доллар жұмсалған,  платформа 2018 жылдың қазан айында әлі де пайдалануға берілмеді», – деп айтылған хатта.

Сонымен бірге, мамандар Қазақстаннның барлық азаматтарының деректері бір жерде, яғни жеке компанияның қолында жинақталатын болады, салада монополистің құрылуымен «ашық бәсекелестік қағидаттарының бұзылуы» туындап отыр, ал бұл өз кезегінде  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін көтереді және медицинадағы отандық IT- шешімдерді іс жүзінде жояды, – деп мәлімдейді мамандар.

«Біз көтеріп отырған мәселеміздің Президенттің көмегі және қолдауымен шешілетініне, яғни шенеуніктерге нарықтың монополиялануына қатысты мәселенің анық-қанығына жетіп, оны реттеуіне қатысты тапсырмалардың берілетініне үміттеніп отырмыз». Компания нарықтың 80-90% -ын басып алған, өткен жылы бұл көрсеткіш 40%-ы құраса, биылғы жылыDamumed нарықтың тағы 40% – ын сатып алып отыр. Бұл сенгісіз қарқындылық. Мұның ауытқулар екені түсінікті», – деп атап өтті ElsiMed медициналық ақпараттық жүйесінің «Human development group» АҚ президенті.

Денсаулық сақтау министрлігі: 2020 жылға қарай барлық қазақстандықтар электронды төлқұжаттар алады.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі 2019 жылдан бастап дәрі-дәрмектің бағасын реттеу жүйесін іске қосуға үміттеніп отыр. 

Хатта компания өкілдері туындаған жағдайды өзгерту үшін Н.Ә. Назарбаевтан ақпараттық жүйелерді өңірлік енгізу мен пайдалануды тоқтатуды, медициналық ұйымдардың медициналық ақпараттық жүйелерді сатып алуын таңдаудың заңды және ашық процедураларының сақталуын қалпына келтіруді, 2017-2018 жылдары аймақтар деңгейінде Damumed ақпараттық жүйесін таңдау және сатып алу рәсімдерін тексеруге бастамашылық етуді, Damumed жеке компаниясына мемлекеттік органдардан қосымша бәсекелестік артықшылықтарды ұсынуды тоқтатуды өтініп, мемлекеттік қызметшілердің МАЖ жеткізушілері үшін теңсіздік қалыптастырғанын көрсететін дәйектердің негізінде тексеруді бастап, мемлекеттік медициналық ұйымдардың бұрын сатып алынған бағдарламалық қамтамасыз етуден неліктен бас тартып отырғандарын тексеруге көмектесуді сұрап отыр.

«Біздің ойымызша, денсаулық сақтауды цифрландыру саласында ашық және қалыпты бәсекелік ортаның болуы ғана отандық IT-шешімдердің сапасы мен тұтынушыларға қызмет көрсетудің деңгейін жоғарылата алатын, сонымен қатар  бағдарламалық өнімдер мен қызмет көрсетулердің бағасын төмендететін жағдайларды қалыптастыра алады»-, деп айтылған хатта.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада шілде айында денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерінің интероперабельділік платформасы мен  оның құрамдасы болып табылатын электрондық денсаулық төлқұжаты қатысты ұлттық жоба таныстырылған болатын, ал қазан айының басында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, 10 млн қазақстандықтардың электрондық денсаулық төлқұжатын алып қойғанын,  2020 жылға қарай Республика тұрғындарының 100%-ы электрондық денсаулық төлқұжатымен қамтылатынын айтып, сонымен қатар бірыңғай интероперабельділік платформасын өндірістік пайдалануды іске қосу, барлық ақпараттық жүйелерді біріктіру, салаларда медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізу үрдістері 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап енгізілетінін атап өтті.  

Сондай-ақ оқыңыз