Қазақстанда төлем карталарын пайдалану артып келеді

Жарияланды
Дегенмен отандастарымыз қолма-қол төлемнен бас тартпақ емес

Ұлттық банктің деректеріне сүйенсек, 2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша,  елде 24,4 миллион төлем картасы айналымда жүр (2018 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 21,5 пайызға өскен). Соның ішінде ең көп таралғаны – дебеттік карталар, олардың үлесі 75,6 пайызды құрайды. Ал несие карталарының үлесі – 20,8%. Айта кету керек, несие карталарының өсімі өте баяу, үш жылдың ішіндегі өсімі 30 пайыздан аспаған.

Тағы не маңызды? Жергілікті пластиктің дәуірі аяқталып барады десек болар, қазір халықаралық төлем жүйелерінің заманы. Анықтама үшін айта кетейік, 2018 жылдың дәл осы кезеңінде «Қазақстанның халық банкі» АҚ шығаратын Altyn Card пен «Ситибанк Қазақстанның» осы аттас картасын 86 мыңға жуық адам иеленіпті. Ал биыл сәуір айындағы деректер бойынша, олардың саны 800-ден аспады. Тағы бір ескерерлік жайт, реттеуші жақында ғана статистика деректеріне елеусіз өзгеріс енгізді. Бір қарағанда солай көрінгенімен, жақсылап үңілсек, оның елеусіз емес, аса маңызды екеніне көз жеткіземіз. Атап айтқанда, «ҚР аумағында жүргізілген операцияларда қазақстандық және шетелдік эмитенттер шығарған карталардың қолданылуы» деген бөлімде интернеттің қасына ұялы телефонды да қосып қойған, бұл –смартфон арқылы жасалған төлемдердің статистикадағы үлесі артып келеді деген сөз. 

Қолма-қол емес төлемнің басым бөлігі POS-терминалдар (қолма-қол емес төлемнің жалпы санының – 58,3%, көлемінің 37,3 пайызы) мен интернет/мобильді банкинг арқылы төленген. Ал қолма-қол ақша негізінен банкоматтан шешіп алынған. 

Жақсы көрсеткіштің қайнаркөзі 

Статистиканың бұл бөлімі өте қызық (Қазақстанда айналымға шығарылған карта + ұялы телефон бойынша интернеттегі операциялардың саны). Наурыз айының қорытындысы бойынша, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 есе, ал 2017 жылмен салыстырғанда 7 есе өскен бұл көрсеткіштің құрылымдық сипаты бар екенін түсіну үшін, өткен жылы ғана сәл-пәл өскен жалақыны ескеру керек. Егжей-тегжейін тізбеден көруге болады. 

9645498.jpg

Алда келе жатқан көрсеткіштердің бірі – айналымға шығарылған карта + ұялы телефонмен интернет арқылы жасалған операциялардың саны. Наурыздың қорытындысы бойынша, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, операция көлемі 2,7 есе – 463 млрд теңгеге дейін, ал 2017 жылдың көктемімен салыстырсақ, 8,4 есе өскен. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш карта бойынша жүргізілген қолма-қол емес төлемнің 60 пайызын қамтиды. Сонымен қатар, оның үлесі жылдан-жылға өсіп келеді: 2018 жылдың наурызында 47 пайызды құраса, ал 2017 жылы 35 пайыз болған. 

Орташа чек өсім көрсетпеген 

Карта мен ұялы телефоннан интернет арқылы өткен операциялардың орташа чегі өсім көрсетпей тұр: биыл наурыз айында ол 13863 теңге көлемінде қалыптасты. Нақты айтар болсақ, жылдық өсімі 2  пайыз ғана, ал 2017 жылдан бері 31 пайыз өсім көрсеткен. Карта және ұялы телефон арқылы  интернетте жасалған төлемдердің орташа чегі – 13863 теңгені құраған. Бұл ретте ұялы телефондар арқылы өткен транзакцияның бәрі бұл көрсеткішті сұйылтатын секілді, өйткені бұндай операциялар бойынша орташа чек үлкен емес, бар-жоғы 2-3 мың теңгені құрайды.

Карта бойынша төленген қолма-қол емес төлемнің көлемі биыл наурыз айында 777 млрд теңге көлемінде қалыптасса, 1 жыл бұрын ол 359 млрд теңге болған, яғни, 2,16 есе өсім көрсеткен. Ал 2017 жылғы көрсеткіштермен салыстырсақ, 5 есе өсім бергенін байқаймыз. 

Аса мәртебелі Кэш

Картадан қолма-қол ақша алу 2019 жылдың наурызында 1,2 трлн теңгені құрады. 2017 жылдың осы кезеңінде оның көлемі 834 млрд теңге деңгейінде болса, ал 2018 жылы триллион теңгеден асқан. Яғни, үш жыл бойғы жылдық орташа өсім – 20 пайыз. Алдыңғы жылы орташа чек 47500 теңге болса, 2019 жылдың наурызында ол 42 мың теңге болған. 

Қысқа да нұсқа

Бірінші – Қазақстанда халықаралық төлем жүйелері басымдыққа ие бола бастады.

Екінші – жыл пластик карталар үшін жайлы басталды, негізгі 3 параметр – интернеттегі транзакция, ұялы телефон арқылы төлем, картамен жасалған қолма-қол емес төлемнің жалпы көрсеткіші қатты жоғарылаған. 

Үшіншіден, төлем карталарының келешегі жаман емес секілді, өйткені экономиканың бойына қан жүгіріп, оның артынан жалақы да көтеріліп, карта арқылы жүзеге асатын төлем көлемі де көбейеді деген үміт бар.

Сондай-ақ оқыңыз