Банк пен қаржы

Қазақстандағы шағын қаржы ұйымдары байып жатыр

Олардың жарты жылдық табысы 36%-ға артса, корпоративтік табыс салығы 4 пайызға азайған

Еліміздегі шағын қаржы ұйымдарының жарты жылдық табысы 10,8 млрд теңгені құраған, осы кезеңдегі былтырғы көрсеткішпен салыстырсақ, ол 36,1 пайызға артық. «Бұл ретте, шағын қаржы ұйымдарының жалақы қорына жұмсаған шығыны 20 пайызға артты», – деп хабарлайды Finprom.kz.

Шағын қаржы ұйымдарының жылдық табысы 34,8%-ға немесе 46 млрд теңгеге көбейсе, шығыны 37%-ды немесе 33,6 млрд теңгені құраған.  Бұл ретте, ШҚҰ-ның корпоративтік табыс салығы бір жылда 4,1 пайызға немесе 1,6 млрд теңгеге дейін кеміген.

12_13.png

Табыстың басым бөлігі сыйақы есебінен қалыптасыпты: оның көлемі бір жылда 35,4 пайызға артып, 41,1 млрд теңгені құраса, жалпы кіріс құрылымында 89%-дан 89,4%-ға дейін артқан.