Жаңалықтар

Қ.Тоқаев: Мас күйінде көлік жүргізгендерге қатысты жазаны қатайту керек

Мемлекет басшысы, сонымен қатар, мал ұрлығы мен браконьерлік туралы айтып өтті

Қазақстан Президенті мас күйінде көлік жүргізгендерге жазаны қатайтуды тапсырды. Бұл туралы ол Twitter желісінде жазды. 

«Заңға өзгертулер енгізуді тапсырдым: алкогольді ішімдіктердің кез-келген түрін ішкен күйінде көлік жүргізгені үшін, сондай-ақ мал ұрлығы үшін берілетін жазаны қатаңдату қажет»,– деді президент.

Мемлекет басшысы браконьерлердің киіктерді аулауы тыйылмай тұрғанын да айтып өтті:

«Браконьерлер табиғат байлығы – киіктерді аулауды тоқтатпай отыр. Алматы облысында ҰҚК қызметкерлері 3 мыңға жуық (!) киікті өлтірген қылмыскерлерді құрықтады. Қаскөйлер, заңға сәйкес, қатаң жазаға тартылуы тиіс. Құқық қорғау органдары мұндай заңсыз әрекеттерге тоқтау салуы керек»,– делінген хабарламада.