Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин ресми сапармен Нидерландыға барады, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровқа сілтеме жасаған Интерфакс-Қазақстан.
«30-қазанда Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Нидерланды Корольдігіне ресми сапар шегеді. Бұл екі арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағалы бері Қазақстан үкіметі басшысы тарапынан жасалып отырған алғашқы сапар болмақ. Оның барысында Нидерландының премьер-министрі Марк Рюттемен кездесу болады», – деді Смадияров дүйсенбіде Нұр-Сұлтан қаласында өткен брифингте.
Ол келіссөздер барысында тараптар екі ел арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық әріптестік мәселелерін талқылайды деп нақтылады.
Сонымен қатар, Мамин қазақстандық-голландтық бизнес-форумға қатысып, бір қатар компаниялармен келіссөздер жүргізеді және инновациялық нысандарға барады, деп атап өтті Смадияров.