Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы ЖЭО-2-ні газға ауыстыру туралы айтып берді
«Алматыдағы ауаның сапасын жақсарту үшін ЖЭО-2-ні газға ауыстырып, көліктерді газ жүйесіне көшіру қажет. Іле Алатауы бөктеріндегі алма бақтарының сақталуын ерекше назарға алу маңызды. Бұл – Алматының және бүкіл еліміздің игілігі!», – ндеп жазды Твиттерде ҚР басшысы.
Естеріңізге салсақ, 2018 жылы Алматыдағы ЖЭО-2-ні газға ауыстыру туралы бірнеше рет айтылған болатын. Оның ішінде, энергетика министрлігі газдандыру мәселесіне басты назар аударған болатын.