Қазақстан ПрезидентіҚасым-Жомарт Тоқаев екі күндік жұмыс сапарымен Алматыға келді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Берік Уәлидің айтуынша, президент «Жаңа Алматы» бағдарламасының презентациясымен танысады, балалар үйінің түлектеріне пәтер кілттерін табыстайды, сонымен қатар, Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі жиналыстың жұмысына қытысады.
Бұдан бөлек, ол Teсh Garden иновациялық кластердің жұмысымен, Инвестициялық үйдің қызметімен танысады, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да болып, оқу корпустарын және студенттерге қызмет көрсететін «Керемет» орталығын қарап шығады.
Жұмыс сапарының екінші күні Мемлекет басшысы өзінің Алматыдағы резиденциясында бір қатар кездесулер өткізеді.