Трамп ИГ көшбасшысы болуға ұмтылған бірінші үміткердің көзі жойылғанын мәлімдеді
Жарияланды
Ислам мемлекеті басшысының өзі өткен аптада қаза тапқан болатын
«Ислам мемлекеті» ұйымының (ИГ, Қазақстанда тыйым салынған ұйым) екінші тұлғасы өлтірілді. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-де мәлім етті.
Трамп американдық әскерилердің марқұм Абу Бакра аль-Багдадидің орнын баспақшы болған үміткердің көзін жойғанын мәлімдеді.
Бұдан бұрын, 27-қазанда АҚШ президенті ИГ көшбасшысы Абу Бакр аль-Багдадидің Сирияның Идлиб провинциясында жүзеге асырылған арнайы операцияның нәтижесінде көзі жойлғанын ресми растаған болатын. Десек те сарапшылар көшбасшының қазасы содырлардың қызметіне соншалықты үлкен нұқсан келтірмейді деген пікірде.