«Ислам мемлекеті» ұйымының (ИГ, Қазақстанда тыйым салынған ұйым) екінші тұлғасы өлтірілді. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-де мәлім етті.
Трамп американдық әскерилердің марқұм Абу Бакра аль-Багдадидің орнын баспақшы болған үміткердің көзін жойғанын мәлімдеді.
Бұдан бұрын, 27-қазанда АҚШ президенті ИГ көшбасшысы Абу Бакр аль-Багдадидің Сирияның Идлиб провинциясында жүзеге асырылған арнайы операцияның нәтижесінде көзі жойлғанын ресми растаған болатын. Десек те сарапшылар көшбасшының қазасы содырлардың қызметіне соншалықты үлкен нұқсан келтірмейді деген пікірде.