Садриддин Ахмедов жеңісті жекпе-жегінен кейін дисквалификацияға ұшырады

Жарияланды
Қазақстандық боксшыға 15-қарашаға дейін рингке шығуға тыйым салынды

25-қазанда Канаданың Квебек қаласындағы бокс кешінде орташа салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов өзінің мексикалық қарсыласы Джонни Наварретені мерзімінен бұрын жеңді. 

Біздің боксшының оппоненті кездесуді жалғастырудан бас тартып, соңғы раундта денсаулық жағдайы бойынша рингке шықпады.

Міне, осы жағдайдың салдарынан, Квебек боксерлік комиссиясы кездесудің екі қатысушысын да 15-қарашаға дейін барлық жарыстардан шеттетті. Бұл – медициналық дисквалификация, ол жекпе жекке қатысушының, ең болмағанда, біреуі өзін нашар сезінген жағдайда қолданылады.

Бірақ одан Ахмедовке келіп-кетер ештеңе жоқ, оған бұл үзілістің ешқандай салдары тимейді, өйткені оның келесі жекпе жегі 7-желтоқсанға белгіленіп қойған. Атап айтарлығы, ол да Канада аумағында, Монреаль қаласында өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз