Головкин мен Шеремета ақпанда жұдырықтасуға келісті

Жарияланды
Польшалық боксер GGG-дің иелігіндегі IBF белбеуі үшін таласпақ

Орта салмақтағы қазақстандық әлем чемпионы Геннадий Головкин келесі кездесуін поляк Камилом Шереметамен өткізуге келісті, деп хабарлады 31-қазанда ESPN журналисі Дэн Рафаэль.

«Олар ақпанның аяғы мен наурыздың басында кездесуге келісті», – деп жазды Рафаэль.

Бұдан бұрынырақ Шеремета Головкинмен болатын кездесуі туралы анонс жариялап, жұдырықтасудың 2020 жылғы ақпанның басында болатынын және өзінің оған дайындықты қарашада бастайтынын мәлімдеген болатын.

Головкин поляк боксшысы үміткер болып табылатын IBF белбеуін қазанның басында төрешілердің шешімімен украиналық Сергей Деревянченконы жеңгеннен соң, қайтарған болатын. Украиналық боксшының командасы кездесуде өз атлеті жеңді деп танып, қазақстандық онымен қарымта кездесу өткізуге міндетті, деп мәлімдеген-ді. 

Атап айтарлығы, бұл кездесуді кейінге қалдыратын бір шарт бар – ол тек мексикалық Сауль «Канело» Альварес келесі жылдың бірінші жартысында қайтадан қазақстандықпен трилогиядан бас тартқан жағдайда орын алады.

Естеріңізге салсақ, «Канело» 3-қарашада Лас-Вегаста Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңертең титулдық кездесуде ресейлік Сергей Ковалевпен жұдырықтасады: боксшылар кесейлік атлет иелік ететін жартылай ауыр дивизиондағы WBO титулын сарапқа салады. Осы кездесу үшін «Канело» салмақ бойынша бір сатыға көтерілді, сондықтан оған орта салмаққа қайта оралу үшін әдеттегіден көбірек уақыт қажет болады.

«Канелоның» өзі шетелдік БАҚ-тарға берген сұқбаттарында бірнеше рет Ковалевпен жұдырықтасудан кейін, оған қайтадан орта салмаққа оралу қажет екенін бірнеше дүркін айтқан болатын: сарапшылар әңгіме Головкинмен үшінші кездесу өткізу жайында екенін алға тартады, DAZN стримингтік компаниясы сол үшін қазақстандық пен мексикалықты өз платформасына жаздырды. 

Головкин мен Альварес екі рет кездескен – 2017 жылы олардың кездесуі тең түсумен аяқталса, 2018 жылы мексикалық төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Атап айтарлығы, Головкин инсайдерлік ақпаратқа сәйке, Чикагодағы Withtrust аренасын келесі жылғы 29-ақпанға брондап қойыпты.

Сондай-ақ оқыңыз