Twitter 22-қарашадан саяси жарнамаға тыйым салады
Қараша айынан бастап Twitter Inc өз платформасында саяси жарнамаларға тыйым салатынын мәлімдеген компанияның бас директоры Джек Дорси демократтардың қолдауына ие болса, АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың штаб-пәтерінің сынына ұшырады.
«Біз Твиттердегі барлық саяси жарнаманы тоқтатуға шешім қабылдадық. Саяси ақпараттың ықпалын сатып алмай, соған лайықты болу керек деп есептейміз», – делінген Джек Дорсидің мәлімдемесінде.
Сарапшылар 22-қарашада өз күшіне енетін шектеу Twitter-дің көрсеткішіне айтарлықтай әсер етеді деп ойламайды. Компания акцияларының құны ресми сессия аяқталғаннан кейін 1,9%-ға төмендеді, деп хабарлайды Reuters.
Өзге әлеуметтік желілердің иелері, оның ішінде, Twitter-дің бәсекелесі Facebook те бар, сайлау нәтижесіне әсер етуі мүмкін жалған ақпарат тарататын жарнаманы орналастырудан бас тартуға итермелейтін үлкен қысымның астында қалды.
Трамп сайлау штабының басшысы Брэд Парскейл Twitter-дің бұл қадамын «консерваторлардың үнін өшіру әрекеті» және компания акционерлерінің «өте орынсыз шешімі» деп атады.