Жаңалықтар

Головкинмен жұдырықтасу үшін Канело орта салмаққа қайта оралады

Мексикалық атлет, тіпті, өзіне тиесілі чемпиондық титулдан да бас тартты

Сауль Канело Альварес Сергей Ковалевті жеңгеннен кейін, WBO нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы титулын жеңіп алды, бірақ ол орта салмаққа оралуына байланысты белбеуден өз еркімен бас тартпақ. 

«Сауль орта салмаққа қайта оралады, өйткені ол жақта оның бітірмеген шаруалары бар», — деп мәлімдеді Альварес клиенті болып табылатын Golden Boy промоутерлік компаниясының өкілі.

Естеріңізге салсақ, жексенбі, 3-қарашада Лас-Вегаста болған титулдық жекпе жектің 11-раундында Сауль Альварес Ковалевті нокаутқа түсіріп, бірінші жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы атанды.  

Канелоның орта салмақта бітірмеген шаруалары ретінде мексикалықтың Геннадий Головкинмен 2020 жылы өткізуге белгіленген үшінші жекпе жегі туралы айтылған болуы әбден мүмкін. Естерңізде болса, Канело мен GGG өткіген екі кездесудің біріншісі тең аяқталса, екіншісі –Альварестің пайдасына шешілген-ді.