2019 жылғы қаңтардан қазанға дейін Қазақстанда 1 232 872 авто көлік құралдары тіркеуге қойылыпты, деп хабарлайды «Қазавтоөндірістің» баспасөз қызметі.
Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 12% артық. 1 149 542 дана көлік құралы қайталама тіркеуге алыныпты (2018 жылғыдан 11,5% артық), 83 330 дана авто – бастапқы тіркеуге алыныпты (өткен жылғы көрсеткіштен 23,4% артық).
2019 жылғы қазанда тіркеуге 139 575 дана техника құралы қойылған. Олардың ішінде, қайталама нарықта қайта сатылғаны – 129 824 дана.
Өткен 10 айда Қазақстанда 24 электромобиль тіркеуге алынған. Өткен жылы олардың 47 данасы тіркеуге қойылған болатын.
Жыл басынан бері қайта тіркеуге қойылған автоның 69,3% – осыдан 10 бұрын шыққан техника. 41,7% – 20 жыл бұрын шыққандар. Шыққанына бір жыл толмаған көлік саны – 0,6%-дан төмен.
2019 жылғы 10 айдың қорытындылары бойынша, қайталама тіркеулердің ең көп саны Алматы облысында (174 410 дана), Алматы қаласында (144 324 дана) және Түркістан облысында тіркелген (104 689 дана). Сонымен қатар, Алматы облысында жас шамасы 20 жылдан асып кеткен көлік құралдары да көп тіркелген (99 344 дана.; 20,7%). Оның артынан, Түркістан (50 513 дана; 10,5%) облысы мен Алматы қаласы (41 дана; 8,7%) орын теуіпті. Шыққанына бір толмаған көліктердің ең көп мөлшері Алматы (1 609 дана; 22,1%) және Нұр-Сұлтан (987 дана; 13,6%) қалаларында, сондай-ақ Атырау облысында (640 дана; 8,8%) тіркеліпті.