«First Heartland Jýsan Bank» (Jýsan Bank) АҚ-ның директорлар кеңесінің кезекті жиналысында банк басқармасының жаңа төрағасы болып, Айбек Қайып тағайындалды, ол бұл лауазымда болған Бекжана Пірматовты алмастырды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Бұдан бұрын Айбек Қайып Jýsan Bank басқармасы төрағасының орынбасары болған, ол қиындықтар тудырған активтермен жұмыс істеу бағытына жетекшілік жасаған болатын. Ол бұл лауазымда болған Бекжан Пірматовты, алмастырды. Пірматов енді «Jýsan Invest» АҚ басқармасы төрағасы қызметін атқарады.
Айбек Қайып британдық Дюрхэм (Durham University) университетінің экономика бакалавры, сондай-ақ Лондон экономика мектебінің (London School of Economics and Political Science) қаржы және бухгалтерлік есеп саласындағы магистр дәрежесіне ие.
Қаржы саласында 2010 жылдан бері жұмыс істеп келеді, қызметтік мансабын HSBC банкінде, ресурстар және энергетика секторындағы сарапшы лауазымынан бастаған. Сондай-ақ Ресейдің Сбербанкінде жетекші менеджер болып жұмыс істеді. 2016 жылдан бастап, инвестициялық және қаржы компанияларында басшы қызметтерде болды. 2018 жылы First Heartland Capital инвестициялық компаниясының басқарма төрағасы болып, ал 2019 жылы Jýsan Bank басқармасы төрағасының орынбасары болып сайланды.