Әлем чемпионы қазақстандық клуб сапында ойнайды

Жарияланды
Ол Нұр-Сұлтан қаласының командасымен келісімге қол қойды

Астаналық «Барыс» клубының құрамын фин қорғаушысы Атте Охтамаа толықтырды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Ойыншымен біржақты келісімге 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін қол қойылған. 6 желтоқсанда 32 жасқа толатын Охтамаа 2019/20 маусымын Швейцария чемпонатында бастаған. «Лугана» клубы үшін ойнаған ол 18 матчта 3 ұпай жинаған.

Атте құрлықтық хоккей лигасында қазандық «Ақ Барыс» сапында өнер көрсетіп, 2018 жылы Гагарин кубогы мен Хельсинкийдің «Йокеритін» жеңіп алған. Құрлықтық хоккей лигасында 264 ойын өткізіп,  жалпы саны 48 (13+35)  ұпай жинаған.

Финляндия құрамасынының сапында бес әлем біріншілігі мен Пхенчханда өткен  Олимпиадада ойнаған. Охтамаа 2019 жылы әлем чомпионы атанған.

Сондай-ақ оқыңыз