Тәжік-өзбек шекара заставасын шабуылдағандар ИГИЛ мүшесі болған

Жарияланды
Содырлар ол жаққа Ауғанысианнан өтіпті

Тәжік-өзбек шекара заставасына шабуыл жасағандар ИГИЛ (Қазастанда тыйым салынған) содырлары болған, деп хабарлайды Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздігі мемлекеттік комитетінің баспасөз орталығы.

«Олар арнайы тапсырмамен Ауғаныстан Ислам Республикасы жағындағы шекараны бұзып өткендер, олардың барлығы ИГ лаңкестік тобының мүшелері», – делінген хабарламада.

Содырлар 3-қарашада Тәжікстанның Кубодиен ауданына Ауғаныстанның солтүстік-шығысындағы Құндыз провинциясы Калаи-Зол уезі жағынан өткен. Жауап алу кезінде содырлар «Ишкобод» шекара заставасы олар үшін «неғұрлым ыңғайлы жер болғанын» мойындады.

Естеріңізге салсақ, тәжік-өзбек шекарасындағы Душанбенің батысында, шамамен, 50 километр жердегі Рудаки ауданында  орналасқан заставаға бетперде таққан 20 шақты қарулы адам шабуыл жасаған. Күш құрылымдары операциясының барысында қоршауға алынған қарулы қылмыстық топтың 15 мүшесінің көзі жойылып, тағы бес содыр тұтқынға алынды. Атыс барысында шекара әскерлерінің бір сарбазы мен Тәжікстан ІшкіІсминінің бір қвзметкері қазаға ұшырады….
 

Сондай-ақ оқыңыз