Бішкек орталығында үш жарылыс болды, деп хабарлайды РИА Новости.
Төтенше жағдай 13:38-де Шу және Эркіндік көшелерінің қиылысындағы «Антошка» жедел тамақтану орталығында орын алды.
Оқиғаны өз көзімен көргендердің айтуынша, алдымен бір жарылыс орын алған, сәлден кейін, тағы екі жарылыс болыпты. Одан кейін, барлығы отқа оранған, оқиға орнына өртсөндірушілер мен полиция жеткен.
Кем дегенде, екі адам зардап шегіпті. Алдын ала алынған деректер бойынша, төтенше оқиғаға газ баллондарының жарылуы себеп болуы мүмкін