Нидерландиялық АЗ клубы 0:11 есебімен «Астананы» тас-талқан етті

Жарияланды
Қазақстандық клуб Еуропа Лигасының 1/16 финалына шығу мүмкіндігінен толық айырылды

Еуропа Лигасы топтық кезеңі аясында Қазақстанның алты дүркін чемпионы өз алаңында голландиялық «АЗ Алкмар» клубын қабылдап, ойсыратқан жеңіліске ұшырады.

Екі апта бұрын қазақстандықтар голландықтардан олардың алаңында 0:6 есебімен ұтылған болатын. Жауапты ойынның бірінші таймы тең күресте, тіпті, алаң иелерінің аздаған басымдығымен өтті. Алайда «Астаны» футболшылары голландтықтардың қақпасына мүлдем қауіп төндірген жоқ, ал қонақтар өз мүмкіндіктерін мүлт жібермей, ойынның 29-минутында Ненада Эричтың қақпасының кілтін таба білді.

Екінші тайм басталысымен қазақстандық команда есепті теңестіру үшін алға ұмтылып, АЗ-тің қанжардай қарымта шабуылдарына ұшырай бастады. Олардың екеуі табысты аяқталып, ойынның бір сағаты өткенде, есеп 0:3-ке жетті.

Бұдан кейін, «астаналықтардың» қорғанысынан береке кетіп, нидерландылық қонақтар тағы екі доп соқты – 0:5.

«Барлығына шынайы қарау керек. Қалай болса да команда өз ойынын тели білу керек. Бірінші таймда табысқа жететін кездер болды, сол кезде гол қажет болатын, бірақ доп қақпаға дарымады», – деді ойынан кейін сөзін түйіндеген елордалық команданың бас бапкері Роман Григорчук.

Төрт ойынның қорытындысы бойынша, «Астана» бірді бір ұпай жинай алмады, қазір ол L тобындағы турнир кестесінің астында тұр. Қазақстандық клуб, тіпті, турнирдің плей-оффына қатысудың математикалық мүмкіндігінен де айырылды. Еуропа Лигасының келесі мтчын Нұр-Сұлтан қаласының клубы 28-қарашада тағы да өз алаңында «Манчестер Юнайтедке» қарсы өткізбек.

Сондай-ақ оқыңыз