«Астана Клуб» саяси форумы V-отырысының барысында сарапшылар Орташа және шағын қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісім-шартты (ОШҚЗЖК) тоқтатуға байланысты аймақтағы қауіпсіздікке қатысты болжамдар жасады.
«Осы жағдайға байланысты (ОШҚЗЖК-ны тоқтату) елдер арасындағы сенімділік деңгейі төмендейді, бұл, әлбетте, аса маңызды саяси мәселе болып табылады, бізге қалайда оның шешімін табу қажет», — деді Словенияның экс-президенті Данило Тюрк.
Сөзін нақтылай түскен сарапшы, Қазақстан елдер арасындағы сенімділікті нығайтуға әсер ете алады, дегенді алға тартты.
«Елдер арасындағы сенімділікті нығайтудың екі жолы бар. Біріншісі — зымырандарды орналастырудан бас тарту. Екіншісі — осы жағдайды реттеу үшін бір бейресми процесті бастау керек. Мен құлауын жалғастырып жатқан сенімділіктің қазіргі деңгейі қандай да бір келіссөздер жүргізуге жеткілікті деп ойламаймын. Бірақ бейресми процестер ұйымдастыруға болады. Қазақстан осындай процестерге бастамашы болуда үлкен тәж»рибеге ие. Сондықтан ол осындай процесті бастауға қабілетті, деп ойлаймын», — деді ойын ортаға салған Данило Тюрк.
Спикер Қазақстанның бейресми процестерге бастамашы болуда бай тәжірибесі бар екенін алға тартты. Олардың ішінде, ол ядролық қарудан бос аймақтарды құруға бағытталған процестер мен Сириядағы қақтығыстарды реттеуге арналған ұсыныстарды атады.
Естеріңізге салсақ, жақвнда АҚШ президенті Дональд Трамп орта және шағын қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімге (1987 жылы АҚШ пен КСРО арасында жасалған) қатысуды тоқтату туралы шешім қабылдаға болатын.