Қазақстандағы жұмыссыздардың саны қанша?

Жарияланды
Статистика комитеті соңғы мәліметтерді жариялады

Қазіргі кезде Қазақстандағы жұмыссыздар саны 443,2 мың адамды, ал жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

Комитет деректеріне жүгінсек, қазан айына дейін жұмыспен қамту орталықтарында 165,8 мың адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Жалпы, жұмыс күшіндегі олардың үлесі 1,8%-ды құрады.

Қазіргі кезде Қазақстан экономикасында 8,8 млн адам еңбек етеді. Жұмыспен қамтылған халықтың 6,6 мллионы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 75%-ы) жалдамалы жұмыс істейді.

Ал жасырын жұмыссыздық деңгейі 2019 жылғы II-тоқсанда жұмыс күшінің 0,3%-ын (24,9 мың адам) құраған. Жасырын жұмыссыздық деңгейі  дегеніміз – жарты күндік жұмыспен қамтылған және  амалсыз демалысқа шыққан қызметкерлердің пайыздық үлесі.

Сондай-ақ оқыңыз