KEGOC 17 млрд теңгеден астам дивиденд төлейді
«KEGOC» АҚ акционерлері жарты жылдық қаржы есептілігін бекітті, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы.
Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізіміндегі «KEGOC» АҚ-ның акционерлері 2019 жылдың алты айына аралық қаржылық есебін бекітіп, 17,4 миллиард қаржы дивиденд төлеуге жіберілсін деген шешім шығарған. Ал қалған 5,1 млрд теңге компанияны дамытуға жұмсалады.
2019 жылдың бірінші жартыжылдығында компанияның бір жай акциясына төленетін дивиденд көлемі – 67,17 теңге. Ол 5-қарашадан бастап төлене бастаған. Дивиденд шешім шығарылған сәттен кейінгі 90 күн ішінде компания акционерлерінің есепшотына аударылатын болады.
KEGOC» АҚ – электр энергиясын жеткізу, ұлттық электр торабының жабдықтарына пайдалану және өндіру-тұтынудың теңгерімдерін ұйымдастыру бойынша жүйелік қызмет көрсетеді. Қаржы есептілігіне сәйкес, 2019 жылдың 1-шілдесіндегі таза пайда 22,5 млрд теңгені құраған. Сату көлемі 124,5 млрд теңгеге жеткен. Компанияның жиынтық активтерінің құны 770 млрд теңге болса, міндеттемелері 289,8 млрд теңгеге тең. «KEGOC» АҚ-ның жеке капиталы – 481 млрд теңге, ал жарғылық капиталы 126,8 млрд теңге сомасында бағаланады.