Өзбек және орыс мультипликаторлары Қожанасыр туралы сериал түсірмек

Жарияланды
Анимациялық картинаның жарыққа шығу мерзімі әзірге белгісіз

«Өзбеккино» ұлттық агенттігі мен ресейлік «Союзмультфильм» киностудиясы «Қажанасырдың басынан кешкендері» мультипликациялық сериалын жасамақшы. Бұл туралы келісімге Ташкент делегациясының Мәскеуге жасаған сапары кезінде қол жеткізілді, деп хабарлайды өзбек агенттігінің баспасөз қызметі.

«Біздің алғашқы жобамыз Қожанасырдың басынан кешкендері туралы мультсериал жасау болмақ. Мүмкін, осы кейіпкер балалар мен жастардың ғана емес, сондай-ақ ересектердің  десүйікті персонажына айналар», – деді аталмыш жобаға қатысты пікір білдірген «Узбеккиноның» бас директоры Фидравс Абдухаликов.

«Өзбекстанмен әріптестікке қол жеткізу мүмкіндігін 20 жыл күттік. Сондықтан біз Қожанасырдың басынан кешкендері туралы мультипликациялық сериал құру идеясын сөзсіз қолдаймыз. Өйткені осындай ұлы ақыл иесі және керемет саяхатшы туралы оқиғаларды бірнеше ұрпақ өкілдері тамашалар өсті. Ол көрермендерге Бұқара және Самарқанд сияқты тамаша қалаларды таныстырды», – джеп атап өтті «Союзмультфильм» киностудиясының бас директоры Борис Машковцев.

Мультсериалды түсіруді бастаудың мерзімі және оның бюджеті туралы әлі айтылған жоқ.

Естеріңізге салсақ, Қожанасыр – Шығыс мұсылмандары және Жеророта теңізі мен Балқан елдерінің бір қатарындағы ертегілер мен әзіл-оспақтардың және анекдоттардың кейіпкері. Әр кездерде ол туралы көркемсуретті фильмдер мен мультфильмдер түсірілген-ді. Қожанасыр туралы түрлі анекдоттар мен әзіл-оспақтар Орталық Азия халықтарының арасында әлі күнге дейін айтылып жүр.

Сондай-ақ оқыңыз