2020 жылы Brent маркасындағы мұнай бағасы, орташа есеппен, барреліне $60 құрайды. Бұл турасында Интерфакс хабарлады.
АҚШ-тың энергетика жөніндегі ақпарат басқармасының (EIA) есебінде 2019 жылы мұнай бағасы, орта есеппен, барреліне $64 құрайды делінген.
EIA 2020 жылы мұнай бағасы қара алтынның әлемдік қорының өсуі салдарынан, әсіресе, келесі жылдың бірінші жартысында, 2019 жылғыға қарағанда, төмен болады, деп күтуде.
Алдын ала жасалған бағалауларға сәйкес, қыркүйекте АҚШ мұнай мен мұнай өнімдерін импорттауға қарағанда, 140 мың т/б-ге артық экспорттаған. EIA мұнай мен мұнай өнімдерінің нетто-экспорты 2019 жылғы 520 мың т/б-мен салыстырғанда, 750 мың т/б-ді құрайды деп, бағалауда.
Қазан айында АҚШ-тағы мұнайдың және сұйық көмірсутегілерінің қоры 0,4 млн баррельге төмендеген. EIA бағалаулары бойынша, әлемдік қорлар 0,8 млн баррельге артқан, атап айтқанда, қорлар өзінің мұнай инфрақұрылымына ағымдағы жылғы қыркүйекте шабуыл жасалғаннан кейін қор жасаған Сауд Арабиясында артқан.
EIA төртінші тоқсанда қорлар 0,2 млн баррельге артып, 2020 жылғы бірінші тоқсанда өсімді жалғастырып, мұнай бағасын белгілеудің төмендеуіне қысым жасайтын болады деген болжам жасап отыр.