Қазақстанда қанша көлік бар?

Жарияланды 14 Қараша 2019 09:50

Қазіргі кезде Қазақстанда тіркелген көліктердің саны 3,7 миллионға жетіп қалды.  Жыл басынан бері 646 654 жеңіл автомобиль тіркелген, ол дәл осы кезеңдегі былтырғы көрсеткішпен салыстырсақ, 7,2%-ға аз, деп хабарлайды Статистика комитеті.  

Биыл қаңтар-қыркүйек аралығында  11484 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, одан 6876 адам зардап шеккен. Былтырғы көрсеткішпен салыстырсақ, жол-көлік оқиғаларының саны 3,4 пайызға көбейгенін байқауға болады.

r14-11-2019-1.png

2019 жылғы 1-қазандағы дерекке сүйенсек, көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруы бойынша сақтандыру ұйымдары  21,3 млрд теңге көлеміндегі 54829 сақтандыру төлемдерін жүзеге асырған.

Сондай-ақ оқыңыз