Қазіргі кезде Қазақстанда тіркелген көліктердің саны 3,7 миллионға жетіп қалды. Жыл басынан бері 646 654 жеңіл автомобиль тіркелген, ол дәл осы кезеңдегі былтырғы көрсеткішпен салыстырсақ, 7,2%-ға аз, деп хабарлайды Статистика комитеті.
Биыл қаңтар-қыркүйек аралығында 11484 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, одан 6876 адам зардап шеккен. Былтырғы көрсеткішпен салыстырсақ, жол-көлік оқиғаларының саны 3,4 пайызға көбейгенін байқауға болады.
2019 жылғы 1-қазандағы дерекке сүйенсек, көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруы бойынша сақтандыру ұйымдары 21,3 млрд теңге көлеміндегі 54829 сақтандыру төлемдерін жүзеге асырған.