Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда-саттығының көлемі 14,8 млрд долларға жетті
2019 жылдың тоғыз айында Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 14752,4 млн АҚШ долларын құрап, 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда, 1,2% азайды, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.
Соның ішінде экспорт – 4434,5 млн АҚШ долларын (2,8% аз) құраса, импорт – 10317,9 млн АҚШ доллары көлемінде қалыптасқан.
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен жалпы сыртқы сауда айналымының 92,3 пайызы – Ресей Федерациясымен арадағы сауда-саттық.
Ал Қырғызстан Республикасымен сауда-саттық 4%-ды құраса, Беларусь Республикасына – 3,6%, Армения Республикасына – 0,1% тиесілі.
Экспортқа минералды заттар, металл және металл өнімдері, химия өнеркәсібі өнімдері шығарылған.
Ал ЕАЭО елдерінен негізінен көлік, құрал-жабдық, көлік құрал-саймандары, металл өнімдері тасымалданған.